АНДАС АУЫЛЫНДА ТАБЫСТЫ БИЗНЕС БОЙ КӨТЕРУДЕ

Көлік жөндеу саласында жұмыс істейтін мамандар барлық күрделі жұмыстарды кәсіби түрде орындайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың жоғары сапалы қызметке көңілдері толуына себеп болуда. Дәл осы кәсіп түрінің майталманы Равиль Сулейманов – Аңдас батыр ауылының тұрғыны әрі кәсіпкер, көлік жөндеу және көлік жуу қызметтерімен айналысатын арнайы тұрақтың иесі.