23 Апр 2025, Ср

АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВТЫҢ 75 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов белгілі  әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған «Ән – жырым саған, туған ел!» атты  кешті көпшілікпен бірге тамашалап, өнер иесін құттықтады. Кеште Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  Қырғызстанның Еңбек сіңірген әртісі, Жамбыл облысының құрметті азаматы, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың күйлері мен әндері орындалды.