23 Апр 2025, Ср

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

Қордай ауданында 5 адамға әкімшілік іс қозғалды. Өйткені азаматтар баласы үшін міндетті алиментті төлемеген. Қордай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстары нәтижесінде осындай деректің беті ашылды.  Айып арқалаған әкелерге қазір 2-ден 5-тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылып, жауапкершілікке тартылды.