Жамбыл ауданында жастар арасында тәрбиенің маңыздылығын арттыру мақсатында «Адал ұрпақ – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында форум ұйымдастырылды. Жиынға Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев пен құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан мектептерінің директорлары мен колледж студенттері қатысты.