27 Ноя 2026, Пт

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ШЫҢДАЛУДА

Өнерге қызығушылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда түрлі үйірмелердің үлесі зор.  Мәселен, №32 мектепте  оқушыларға арналған сурет салу үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда балалар қылқаламмен жұмыс істеуді үйреніп, өз қиялындағы бейнелерді қағаз бетіне түсіреді. Сабақтар оқушылардың оқу кестесіне қарай ұйымдастырылған.