28 Ноя 2026, Сб

ТАРАЗДА ЕСКЕРТКІШТІ ҚОРЛАҒАН ҮШ ОҚУШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Таразда ескерткішті қорлау дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлері бұл іске қатысы бар деген күдікпен үш жасөспірімді анықтады. Белгілі болғандай, олардың барлығы – 7-сынып оқушылары. Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынып, ата-аналары да жауапкершіліктен тыс қалған жоқ. Құқық бұзушылыққа барған жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілген.