26 Ноя 2026, Чт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІРІ ЖОБАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанды аралады. Алдымен Кентау қаласындағы жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Одан кейін Түркістан қаласындағы перзентхана, көпбейінді аурухана құрылысы мен жаңа тұрғын үйлерді көрді. Сапар барысында өңірдегі маңызды жобалардың жүзеге асу барысы талқыланып, жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берілді.