«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жерлестері үшін тағы да қан тапсырды. Жамбыл облыстық қан орталығы мен оңтүстік өңір әскерлері арасында көпжылдық достық байланыс қалыптасқан. Қан орталығының жылжымалы тобы Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінде бірнеше рет болған. Бұл жолы мобильді топ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабына келді.
Ақпараттық порталы

