Қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, ғалым, сатирик, ұлағатты ұстаз Темірбек Қожакеевтің туғанына — 100 жыл. Осыған орай Жамбыл облысында ғылыми конференция өтті. Саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнаған тұлға қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір журналистер буынын тәрбиеледі. Турашылдығымен, өр мінезімен, қайсарлығымен ерекшеленген Темірбек Қожакеевтің өнегелі өмірі мен ғылыми мұрасы — кейінгі ұрпақ үшін тағылым мектебі. Алқалы жиында ғалымның шәкірттері ұстаз туралы естеліктерімен бөлісіп, оның қазақ руханиятында қалдырған ізі мен журналистика саласына сіңірген еңбегіне тоқталды.
Ақпараттық порталы

