20 Ноя 2026, Пт

«МӘТІБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Тараз қаласындағы әскери госпитальдің дәрігерлері Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында өткен оқу-жаттығу кезінде алға қойылған міндеттерді тағы да сәтті орындады. Жүктелген тапсырмаға сәйкес олар далалық жағдайда шұғыл әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған модульдік жылжымалы госпитальді жеткізді.