20 Ноя 2026, Пт

ҚОЙ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ортақұм алқабында орналасқан «Нұрбы» шаруа қожалығында мал тұқымын асылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруашылықта асылдандыру науқаны 15 қазан мен 15 қараша аралығына жоспарланған. Қазіргі таңда қожалықтағы 20 мың бас қойдың 10 мыңы күйекке қосылған. Оның 80–90 пайызы шағылыстыру кезеңінен өткен. Сонымен қатар тұсақтар мен саулықтарды асыл тұқымды қошқарлардың ұрығымен қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілуде.