18 Ноя 2026, Ср

«САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда «Сақшы» интерактивті ойыны мен әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Төрт аталым бойынша 12 жүлдегер анықталып, 150 оқушыға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жоба жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, алаяқтық әрекеттерден сақтануға үйретуге бағытталған.