18 Ноя 2026, Ср

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ӨРЕНДЕР

Қазақтың дәстүрлі музыка өнерінде өзіндік үнімен ерекшеленетін аспаптың бірі – жетіген. Көне аспаптың әуезді үні тыңдарманды ерекше әсерге бөлейді. Бүгінде ұлттық мұраны дәріптеп жүрген өнер мектептерінде жетігенде ойнауды үйренуге ниетті жастардың қатары артып келеді. Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің шәкірттері де осы өнерді меңгеріп, түрлі шығармаларды орындауды үйренуде.