18 Ноя 2026, Ср

«БАТЫРЛАР ЖОЛЫ» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫ

Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің базасында мектеп оқушылары арасында республикалық «Батырлар жолы» әскери-спорттық жарысы өтті. Бұл ауқымды шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының ұйытқы болуымен және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолдауымен ұйымдастырылды.