18 Ноя 2026, Ср

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жамбыл облысында жылыту маусымы басталғалы 46 өрт оқиғасы тіркелген. Дегенмен, тұрғын үйлерде улы газдан улану дерегі әзірге жоқ. Жалпы жыл басынан бері өңірде өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға азайған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселелер облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте талқыланды.