4 Ноя 2025, Вт

«HALYQ ZANGERI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысының барлық аудандарында, соның ішінде Тараз қаласындағы «Март» сауда орталығында «HALYQ ZANGERI» республикалық акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа тегін заң көмегін көрсету және түрлі әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге қолдау көрсету болды.