Уақыт өткен сайын өнердің қадірі арта түседі. Әлімбек Қонысбеков сынды өнер майталмандарының еңбегі – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар, өнеге. Ол шәкірт тәрбиелеу арқылы ұлттық мәдениеттің тамырын тереңдетіп, рухани мұраны дәріптеп келеді. Күй өнерін өмірінің мәні еткен тұлғаның жолы – ізбасарларына үлгі, келешекке аманат.
