Кентау қаласының мәдени өмірінде айрықша орын алатын өнер ұжымы бар. Ол – ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасы мен рухани құндылығын дәріптеп жүрген «Қаратау тәжі» ұлт-аспаптар оркестрі. 2020 жылы қала әкімінің тапсырмасымен құрылған бұл оркестр қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетіп, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп үлгерді
