Криптовалюта бүгінде қаржы құралынан құқық қорғау органдары үшін күрделі мәселеге айналды. Миллиардтаған теңге көлеңкелі айналымға кетіп, есірткі саудасы мен алаяқтықтың ақшалай есеп айырысулары цифрлық монеталар арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты бүгін Таразда «Криптовалюталық платформаларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу әдістері» тақырыбында маңызды ведомствоаралық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға жетекші сарапшылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, цифрлық активтер саласындағы қылмыстармен күрес жолдарын талқылады.

