ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ИЕСІ ШАРИПА ҚАМБАРОВА

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама елдегі еңбек адамдарының еңбегін дәріптеп, олардың тәжірибесін насихаттауға бағытталған. Осындай еңбекқор жандардың бірі – Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылының тұрғыны Шарипа Қамбарова.Ол 10 жыл бұрын отбасының кәсібін дамытып, сүт өнімдерін өндіруді қолға алды. Уақыт өте келе, құрт өндірісіне басымдық беріп, өз өнімін еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, шетел нарығына да шығарды. 2024 жылы «Бір ауыл – Бір өнім» жобасы аясында 3,7 млн теңге грант ұтып алып, кәсібін кеңейтті. Қазір күнара 15-17 келі құрт өндіріп, табиғи әрі сапалы өнімді тұтынушыларға ұсынуда.Бүгінде Шарипа Қамбарова құрт өндірісін жаңа деңгейге көтеру үшін «Шарипа апа» брендімен қаптамаларды дайындап жатыр. Сонымен қатар, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшесі ретінде ауылдың қыз-келіншектеріне кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретуде. Оның өмір жолы – еңбекқорлық, адалдық және кәсіпке деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *