Жамбыл облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары өңірде жүздеген мың гектар алқап қайта айналымға енгізілді. Атқарылған жұмыстардың 10 айлық қорытындысы жайлы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
Ақпараттық порталы

