23 Апр 2025, Ср

48 671 ОҚУШЫНЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУҒА 5,9 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Биыл жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен жекелеген санаттағы отбасынан шыққан 48 671 оқушыны әлеуметтік қолдауға 5,9 млрд теңге бөлінді. Жекелеп жіктесек, тамақтандыруға 3 545 871 теңге, киім-кешекке 1 974 436  теңге, жазғы сауықтыру демалысын өткізуге 351 283 теңге қарастырылған. Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 6,1%-ды құрайды.