Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен облыстық әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Бірқатар ірі кәсіпорындардың және құзырлы органдардың басшылары қатысқан басқосуда еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ернар Есіркепов баяндама жасап, қалыптасып отырған ахуалға тоқталды.