Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы бағытта арнайы мамандар №3 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, қауіпті идеологиялардан сақтану жолдарын түсіндірді. Әсіресе интернет кеңістігінде кезігетін күмәнді ақпаратқа сыни көзқараспен қарауының маңызы айтылды.Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында…
Қазақстанда кітап оқуды насихаттап, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. Осы маңызды бастаманы қолдау мақсатында Меркі ауданындағы №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Марафонға қосыл – кітап оқы!» шарасының ашылу салтанаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту және өз ойын еркін жеткізе алатын, білімге құштар ұрпақ тәрбиелеу.
Еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек дауларының алдын алу және өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы мәселелер бүгінгі Жамбыл облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңестің басты тақырыбына айналды. Өңірде кәсіпорындарға тұрақты мониторинг жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол берген жұмыс берушілерге нұсқамалар беріліп, әкімшілік айыппұлдар салынуда. Жыл басынан бері Жамбыл облысында 143 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 155 дерегі анықталды. Жұмыс берушілерге 82 нұсқама беріліп, айыппұл сомасы 8 миллион теңгеден асты.
Ясауи клиникасында ауқымды қайырымдылық шарасы өтіп, онда 100-ден астам бала тегін сүндеттелді. Операциялық үстелге жатқызылған бүлдіршіннің тура төбесіне арнайы монитор орнатылып, қолына ойын рөлі ұстатылды. Бүлдіршіндер экрандағы қызықты автожарысқа толықтай еніп, виртуалды көлікті басқарумен әлек болып жатқан сәтте, білікті хирургтар сүндеттеу процедурасын байқатпай әрі мүлдем ауырсынусыз аяқтады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасы кезекті рет әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Игі бастама аясында 100-ден астам бүлдіршінге тегін сүндетке отырғызу отасы жасалып, ондаған отбасының қуанышы артты.
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазарту, су көздерінің айналасын абаттандыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана, кәсіпкер Нұрсұлу Батырбекова осыдан бес жыл бұрын үй жағдайында бастаған кәсібін бүгінде шағын өндіріске айналдырған. Балаларының денсаулығына алаңдаған ана құрамында зиянды қоспалары жоқ, табиғи әрі сапалы өнім әзірлеуді қолға алған. Қазір оның «Адал үй шұжығы» брендімен дайындалатын өнімдеріне қала тұрғындарынан бөлек, өзге өңірлерде де сұраныс жоғары.
В Таразе состоялось открытое городское первенство по большому теннису «Taraz City Cup 2026». Спортивное мероприятие приурочили ко Дню города. На корты вышли более 150 спортсменов.
В Таразе в целях поддержки отечественных товаропроизводителей организована сельскохозяйственная ярмарка «Дала дәмі» в современном формате. На торговой площадке, расположенной на «Молодёжной аллее», жителям предлагали качественные и натуральные продукты по ценам на 10–15 процентов ниже рыночных. Подробнее — в нашем сюжете.
Благополучная жизнь и крепкое здоровье миллионов людей — это результат огромного, порой незаметного, но жизненно важного для общества труда. Стражи санитарно-эпидемиологического благополучия нашей страны отметили свой профессиональный праздник. В связи с этим в Таразе состоялось торжественное собрание, объединившее корифеев и ветеранов сферы общественного здравоохранения. Подробности — в следующем видеоматериале.