16 Ноя 2026, Пн

2026

WORLD CLEANUP DAY — ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ ЧИСТОТЫ

В Жамбылской области в рамках общенациональной экологической инициативы «Таза Қазақстан» в честь Всемирного дня чистоты — World Cleanup Day — был организован субботник. Аким области Ербол Карашукеев вместе с молодежью, представителями государственных органов, общественных организаций и предприятий принял участие в уборке территории парка «Мамыр» в Таразе.

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ЖАЛАУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

Таразда қала күні мерекесіне орай үлкен теннистен  «Taraz City Cup 2026» Тараз қаласының ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. Аталған жарыс теннис спортын кеңінен насихаттауға, спортшылардың шеберлігін шыңдауға және бұқара арасында осы спорт түріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

«ДАЛА ДӘМІ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Тараз қаласында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Дала дәмі» атты заманауи форматтағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Жастар аллеясында» өткен сауда алаңында тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан ұсынылды. Толығырақ алдағы сюжетте.

СЭБ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

Миллиондаған адамның алаңсыз өмір сүріп, денінің сау болуы – көзге көріне бермейтін, бірақ қоғам үшін ауадай қажет үлкен еңбектің жемісі. Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саулығы күзетінде тұрған жандар кәсіби мерекесін атап өтті. Осыған орай, Тараз қаласында қоғамдық денсаулық сақтау саласының майталмандары мен ардагерлері бас қосқан салтанатты жиын өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

WORLD CLEANUP DAY – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жастармен, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерімен бірге Тараз қаласындағы «Мамыр» саябағында тазалық жұмыстарына қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТАЛАПТАРЫ

Түркістан қаласында мемлекеттік рәміздерді пайдалану, орналастыру және насихаттау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған облыстық семинар өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандары қатысып, рәміздерді қолдану тәртібі мен белгіленген талаптарды сақтау мәселелерін талқылады.

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ: ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына биыл 35 жыл. Осыған орай Кентау қаласындағы С.Қожанов атындағы орталық саябақта «Ел үшін туған ерлер» атты еске алу шарасы өтті. Жиынға ардагерлер, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, полигон зардабынан қаза болған азаматтарды еске алды.

ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында ұлттық өнерді ұлықтаған «Бабалар рухы үн қатты» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы мәресіне жетті. Қалалық мәдениет үйінде өткен дүбірлі додада өңірдің әр ауданынан келген 13 өнерпаз бақ сынасты. Екі кезең бойынша өнер көрсеткен жас дарындардың тартысты бәйгесі туралы келесі сюжетте.

ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауатын арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта Түркістан қаласында облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары бас қосып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» семинарына қатысты. Жиын барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ

Жасөспірім кезеңіндегі бала көңіліндегі өзгерісті, ішкі дағдарыс пен күзелісті дер кезінде байқап, оған қолдау көрсету – бұл тек тәрбие емес, бала өмірін сақтап қалумен пара-пар жауапты жұмыс. Оқушының жан дүниесіне түсіністікпен қарап, суицидтік ойлар мен суицидалды мінез-құлықтың алдын алу, мәселесін ашық айтуына мүмкіндік беру — бүгінгі күннің басты талабы. Осы бағыттағы суицидтің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын білу мақсатында Төлеби ауданындағы №3 П.Тәжібаева атындағы жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, білім ордасының психологымен тілдестік.