21 Апр 2026, Вт

2026

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына арналған республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Шерхан Мұртаза атындағы орталықта бас қосқан жас таланттар ұлы ойшылдың өлеңдерін жатқа айтып, өзара бақ сынасты. Рухани шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойына адами құндылықтарды сіңіру және ақын шығармашылығын дәріптеу.

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысыбілім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында өңірдің білім саласындағы негізгі көрсеткіштер, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы айтылды.

ҰЛТТЫҚ СТАРТАП-БАТЛЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ

Күні кеше «Zhambyl Hub» алаңында «Digital Qazaqstan Battle» ұлттық стартап-батлының өңірлік жартылай финалы мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік технологиялық жобалар өзара бақ сынасып, үздіктер анықталды. Жалпы жүлде қоры 19 миллион теңгені құрайтын бұл доданың Жамбыл өңіріндегі кезеңі қалай өткенін толығырақ әріптесім тарқатады.

ОКОЛО 100 ПАТРУЛЬНЫХ ПОЛИЦЕЙСКИХ В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ СОПРОВОДИЛИ СВЫШЕ 6000 АВТОМОБИЛЕЙ ВО ВРЕМЯ НЕПОГОДЫ

В Жамбылской области из-за ухудшения погодных условий — обильного снегопада, метели и ограниченной видимости — сотрудники патрульной полиции были переведены на усиленный режим несения службы, на отдельных участках республиканской автодороги введены временные ограничения движения.

ГЕРОЙ ДЕКАБРЬСКИХ СОБЫТИЙ

В средней школе №17 имени Гани Муратбаева прошел вечер-портрет ««Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы », приуроченный к 60-летию со дня рождения Халық Қаһарманы Кайрата Рыскулбекова — символа мужества  декабрьских событий 1986 года. Мероприятие, организованное при поддержке областной детско-юношеской библиотеки имени Д. А. Кунаева, направлено на  воспитание патриотических чувств у молодого поколения.

СИТУАЦИЯ С ПОЖАРАМИ В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

На площадке Региональной службы коммуникаций прошел брифинг с участием представителей ДЧС Жамбылской области. Главная тема встречи — государственный пожарный контроль и меры по снижению рисков в жилом секторе. О текущей обстановке в регионе и итогах профилактической работы рассказал Дархан Калдырбек.

АКТИВИСТЫ АНК ОБСУДИЛИ КОНСТИТУЦИОННУЮ РЕФОРМУ

Представители молодежного крыла Ассамблеи народа Казахстана провели встречу, посвященную всестороннему обсуждению нового проекта Конституции. Участники мероприятия детально разобрали суть реформ и ключевые направления обновленного Основного закона.

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  6000-ҒА ЖУЫҚ КӨЛІКТІ ҚҰТҚАРДЫ

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Қалың қар жауып, боран тұруы салдарынан көріну қашықтығының шектелуі автомобиль жолдарының кейбір учаскелерінде уақытша шектеулер енгізуге себеп болды. Өңір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы шамамен 100 полиция қызметкері мен 37 патрульдік экипаж жұмыс істеді. Жолдарда көліктердің көп жиналуына байланысты полицейлер көлік құралдары тобының алдында жол бастап жүргізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҚАҺАРМАНЫ

Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің рухты қаһарманы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туғанына 60 жыл толуына орай «Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мұрындық болуымен өткен шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуды көздейді.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Дархан Қалдырбек пен техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Ербол Несіпбай өрттің алдын алу шаралары мен жаңа талаптар туралы баяндады.