Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейді. Биыл науқан ерте басталып, кең көлемде жүргізілуде. Құрғақшылықтың әсерінен зиянкестердің көбею қаупі артып, фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Түркістан қаласында садақ атудан ересектер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогінің ІІ кезеңі басталды. Жарыс барысында спортшылар дәлдік пен шеберлікті сынға салады.
Жастар ресурстық орталығында өткен «AL-FARABI» интеллектуалды ойынына әр өңірден келген командалар қатысып, білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Армандар орындалады» инклюзивті жобасы өтті. Игі шара балалардың армандарын жүзеге асырып, оларға қуаныш пен үміт сыйлауға бағытталды.
Түркістанда өткен Robotek Grand Tournament 2026 чемпионатының іріктеу кезеңіне өңірдің әр аймағынан келген оқушылар қатысты. Олар робототехника, бағдарламалау және инженерлік бағыттағы білімдерін ортаға салып, түрлі тапсырмалар бойынша бақ сынады. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Түркістан облысында «AUYL INVEST FEST. Балық аулау – 2026» халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында балық аулау бойынша арнайы турнир ұйымдастырылды. Оған әуесқой және кәсіби балықшылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Түркістан облысында төтенше жағдайлар қызметі ауа райының кез келген құбылысына дайын болу мақсатында жоспарлы жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқарушылар өңірдегі тұрақтылықты бақылауда ұстап, тұрғындар арасында сақтық шараларын насихаттауды жалғастыруда. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздіктің басты кепілі — алдын алу шараларының уақтылы орындалуы.
Қызылордада «Quraq» бастамасы іске қосылды. Жоба үкіметтік емес ұйымдар, қала әкімдігі және жергілікті қоғамдастықтардың күшін біріктіріп, ауылдық аумақтарды дамытудың тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама өңірде өткен азаматтық қоғам форумында ұсынылған нақты бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында жергілікті IT-стартаптардың Digital Qazaqstan халықаралық форумы аясындағы жетістіктері кеңінен баяндалды.
Сыр шаһарында қазақ ән өнерінің аңызы, сахнаның символына айналған Роза Рымбаева өзінің «50 жыл сахнада» атты мерейтойлық концертін өткізді. Өнер кеші нағыз халықтық мерекеге айналды. Сыр өңірінің тұрғындары ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандар кештің куәсі болды.