2026
ЯСАУИ МҰРАСЫ – РУХАНИЯТ ӨЗЕГІ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Қожа Ахмет Яссауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық конференция өтті. Конференция барысында ғалымдар мен сарапшылар Яссауи ілімін жан-жақты талқылап, оның тарихи және рухани құндылығына тоқталды. Басқосу қорытындысында Яссауи мұрасының бүгінгі қоғам үшін тәрбиелік мәні кеңінен айтылды.
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
Түркістан төрінде тамырын тереңге жіберген әрбір көшет – ертеңгі күнге егілген үміт іспетті. Бүгін қаламызда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ағаш отырғызу рәсімі өтті. Тайқазан маңындағы парк аумағында ұйымдастырылған шараға облыс басшылығы, дін өкілдері және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы маңызды бастамаға қолдау білдірді.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
ТУҒАН ЖЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ – ОРТАҚ ПАРЫЗ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Шара Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы Есімхан даңғылы бойында өтті. Бұл бастама туған жер табиғатын қорғау, қаланы көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында қолға алынды.
ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы V республикалық байқау басталды. Рухани мәні зор шараның басты мақсаты – жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, Құранға деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу
ЕЛ ҚОРҒАУ НАҒЫЗ ЕРЛЕР ІСІ
Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» кешенінде әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті. Жиынға әскери қызметкерлер мен ардагерлер, болашақ сарбаздардяң туыстары қатысып, оларға ақ жол тіледі.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ
Еліміздің құқықтық дамуындағы маңызды құжат – жаңа Конституция. Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» тақырыбында азаматтық қоғам өкілдерімен қоғамдық талқылау өтті.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
