Источник знаний — книга, а вдумчивое чтение — высокая культура. Сегодня духовный уровень общества измеряется не количеством перелистанных страниц, а качеством усвоенных мыслей. Меняются времена, но сохраняется ли священная любовь к печатному слову? Сегодня мы заглянем на библиотечные полки и попробуем осмыслить, каков уровень читательской культуры в наши дни.
Национальный проект «Келешек мектеп», реализуемый по инициативе Главы государства, — это масштабная программа, направленная не только на обеспечение молодого поколения качественным образованием, но и на создание условий для его всестороннего развития. Чтобы ознакомиться с ходом реализации этой работы на практике, сегодня съёмочная группа посетила школу №67 города Тараза и воочию убедилась в том, как живёт и работает учебное заведение нового формата.
Казахстанская армия пополняется новыми защитниками Отечества. Около 2500 призывников из разных регионов страны прибыли на службу в воинские части регионального командования «Юг». Уже в конце месяца они примут Военную присягу — торжественный момент, который навсегда останется в памяти каждого. Повышение престижа воинской службы, воспитание настоящих патриотов и профессиональных защитников страны — приоритет казахстанской армии сегодня. И новое пополнение — живое тому подтверждение. Наша съёмочная группа пообщалась с новобранцами.
Білімнің бастауы – кітап, ал оны зерделеп оқу – биік мәдениет. Бүгінде қоғамның рухани деңгейі тек парақталған кітаптың санымен емес, көкірекке түйген ойдың сапасымен өлшенетіндей. Заман құбылса да, қағазға деген қасиетті махаббат сол қалпында ма? Бүгін біз кітапхана сөрелеріне үңіліп, оқу мәдениетінің бүгінгі келбетін саралап көрмекпіз.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейтін ауқымды бастама. Осы бағыттағы жұмыстардың нақты жүзеге асу барысымен танысу үшін бүгін арнайы түсірілім тобы Тараз қаласындағы №67 мектепке барып, жаңа форматтағы білім ордасының тыныс-тіршілігіне куә болды.
Қазақстан әскері Отан қорғаушылармен толығуда. Еліміздің әр өңірінен келген 2500-ге жуық борышкер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге аттанды. Олар айдың соңында Отан алдында салтанатты түрде ант береді. Бұл сәт әр сарбаздың жадында мәңгілікке сақталмақ. Әскери қызметтің беделін арттыру, нағыз патриоттар мен кәсіби мамандарды тәрбиелеу — бүгінгі қазақ әскерінің басты басымдығы. Жаңа толысқан сап — соның жарқын дәлелі.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Түркістан қаласында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – кітаптың қоғамдағы маңызын арттырып, жас ұрпақты білім мен руханиятқа баулуға бағытталған ерекше дата.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
№6 Мәншүк Мәметова атындағы мектепте оқу-дала жиыны апталығы өз мәресіне жетті. Оқу дала жиыны оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Түркістан қаласының мәдениет үйінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттархановтың рухына арналған «Ұлт батыры – Ер Бекзат» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Жиынға ардагерлер мен оқушылар қатысып, Бекзат Саттархановтың ерлік жолын еске алып, тағылымды кештің куәсі болды.
Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Ашық есік күні» форматындағы кездесу-экскурсия өтті. Толығырақ тілшіміз тарқатады.