17 Ноя 2026, Вт

2026

ОБЛАСТНОЙ ДЕБАТНЫЙ ТУРНИР СРЕДИ МОЛОДЕЖИ

В Кызылординской области в целях продвижения принципа «Закон и порядок» и повышения правовой грамотности молодежи прошел областной дебатный турнир на тему «Начни с себя». В масштабном состязании приняли участие государственные служащие и активисты из числа молодежи.

РОСТ ПРОИЗВОДСТВА АСФАЛЬТА

В Кызылординской области дорожное строительство набирает обороты, в связи с чем асфальтобетонные заводы увеличили объемы производства. На сегодняшний день в регионе выпуском дорожного покрытия занимаются более 20 предприятий. В рамках проекта «Сапа керуені»  специалисты инспектируют производственные площадки и ведут строгий контроль качества продукции.

СУ АСТЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САҚШЫЛАРЫ

Сүңгуір-құтқарушылар – тәуекелі жоғары, бірақ қоғам үшін аса маңызды мамандық иелері. Олар кез келген сәтте адам өмірін арашалау үшін дайын тұрып, су астындағы күрделі құтқару жұмыстарын атқарады. Аталмыш қызметтің қызығы мен қиындықтары және су айдынындағы қауіпсіздік туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі баяндаған болатын. Келесі бейнематериалда.

ЖАҢА НЫСАНДАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Сыр елінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ірі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі – Президент саябағы аумағында бой көтеріп жатқан заманауи ботаникалық білім беру орталығы мен балалардың тынығу лагері. БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған пресс-тур барысында осы нысандардың құрылысымен танысуға мүмкіндік туды. Толығырақ тілші бейнематериалында…

СЫР СПОРТШЫЛАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Сыр еліоде үстел теннисінен «Samruk Alaman» облыстық ашық турнирі басталды. Дүбірлі дода Samruk Kazyna Trust корпоративтік қорының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа өңір спортшыларымен қатар Түркістан облысы, Шымкент қаласы мен Байқоңырдан келген 150-ге жуық теннисші қатысуда. Олар ересектер, жастар және жасөспірімдер санатында өзара мықтыны анықтайды.

ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ

Сыр шаһарында қалалық мәдени-демалыс паркі жаңа маусымын бастады. Жаңғыртылған демалыс орны тұрғындар мен қала қонақтарына есігін айқара ашып, жазғы серуен мен мәдени тынығудың ортасына айналуда. Мәдени шарамызды толығырық тілші бейнематериалынан тамашалайық…

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен достықтың символы. Осы айтулы күнге орай қала жастарының қатысуымен білім мен ой ұшқырлығын тоғыстырған интеллектуалды байқау өтті. Толығырақ тілші бейнематериалында…

ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТ ӨТТІ

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Қызылорда облысында «Өзіңнен баста» тақырыбында облыстық дебаттық турнир өтті. Ауқымды додаға мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жастар қатысты.

АСФАЛЬТ ӨНДІРІСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сыр елінде жол құрылысы қарқын алып, асфальт-бетон зауыттары өндіріс көлемін арттырды. Бүгінде өңірде 20-дан аса кәсіпорын жол жабындысын шығарады. «Сапа керуені» жобасы аясында мамандар өндіріс орындарын аралап, сапаны бақылап жатыр.

ЭКОСАҒАТТА СУ ҮНЕМДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан бойынша бір мезетте 18 жоғары оқу орнында өткен эко-сағаттар — табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Эко-сағат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қабырғасында ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов қатысты. Толығырақ тілші бейнематериалында…