Түркістан — тарихи қала ғана емес, бүгінгі күні де тыныштығы үшін үнемі күресіп жататын қала. Күн тәртібінде — өрт, су тасқыны, жол апаты, табиғат апаттары. Осының бәрінде бірінші болып жететін, соңғы болып кететін — өрт сөндірушілер. Олардың жұмысы экранда көрінбейді, атақ үшін жасалмайды. Бірақ олардың болуы — мыңдаған адамның тыныш ұйықтауының кепілі.
Түркістан қаласында «Bolashak Skills – 2026» кәсіби шеберлік сайысы өтті. Байқауға қаладағы 8 мектептен іріктелген 8 оқушы қатысып, түрлі бағыт бойынша өзара сынға түсті. Бейнематериалға зер салыңыз.
Түркістанда кәсіпкерлерге арналған мазмұнды және шабыттандыратын кездесу өтті. Іс-шарада тәжірибелі сарапшылар бизнес жүргізудің заманауи тәсілдері мен практикалық кеңестерімен бөлісті. Толығырақ бейнесюжетте
Түркістан облысында заңсыз қазба жұмыстарының салдарынан келтірілген шығын 558,4 млн теңгеге жетті. 22 заңсыз игеру нүктесі анықталып, көптеген техника тоқтатылды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Түркістанда академиялық есуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Спортшылар түрлі қашықтықтарда бақ сынап, жүлделі орындар үшін күресуде. Жарыс нәтижесі ұлттық құрама жасақтауға негіз болады.
Түркістан қаласында дзюдодан, қазақ күресінен және самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатының ардагерлер арасындағы жарысы басталды. Чемпионатқа 17 облыс пен 3 қаладан 20 команда қатысты. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Өңірде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық ашық турнир өтті. Турнир белгілі бапкер, спорт саласының ардагері Нұрболат Байтелиевтің жүлдесіне арналды.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Гастроэнтерологиялық аурулар – әлемде де, Қазақстанда да ең көп таралған патологиялардың бірі. Статистикаға сүйенсек, ересектердің 50-80%-ы гастритпен ауырады, ал асқазан жарасы халықтың 5-10%-ында кездеседі. Аурулардың өсуі тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Осы мәселені талқылау мақсатында Шымкентте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.
Қазақстанда халықтың қарыз жүктемесі жылдан жылға артып келеді. Ел ішінде несие алу қалыпты құбылысқа айналып, оны түрлі мақсатта пайдаланатындар саны көбейген. Бұл үрдіс несие көлемінің ұлғаюынан да байқалады. Қарызға өмір сүру қаншалықты орынды? Толығырақ тілшіміз тарқатсын.