16 Ноя 2026, Пн

Ноябрь 2026

ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНУДА

Балалардың шат күлкісі мен алаңсыз ойыны – ауылдың ажарын ашады. Кентау қаласына қарасты елді мекендерде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа нысандар бой көтеруде. Биыл Қарнақ және Құсшы ата ауылдарында балалар ойын алаңшалары мен спорт нысандары салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.

ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Күн суытып, қыс мезгілі жақындаған сайын елді мекендерде жылу маусымына дайындық жұмыстары күшейе түседі. Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында да тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қолға алынған. Әсіресе әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылыту жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлінуде.

АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Хантағы ауылында жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл елді мекендегі бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, жолдардың сапасы жақсарды. Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолының асфальт төселмеген бөлігі жөнделіп жатыр.

ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ

Кентау қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қызу. Коммуналдық қызметтер қар тазалау техникасын әзірлеп, қажетті материалдар қорын жасақтауда. Алдағы уақытта қар қалың түсіп, күн суытқан жағдайда жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылады.

DIGITAL QAZAQSTAN DAY – 2026

Цифровые технологии — в центре внимания. В Таразе масштабно отметили День работников цифровизации и информационных технологий в рамках областного мероприятия «Digital Qazaqstan Day – 2026». Гости и участники смогли оценить выставку IT-проектов, робототехники и разработок хабов региона. Лучшие специалисты отрасли были отмечены заслуженными наградами за вклад в цифровое развитие области.

В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ МОДЕРНИЗИРУЮТ ЭНЕРГЕТИЧЕСКУЮ ОТРАСЛЬ

Модернизация энергетической инфраструктуры и предотвращение дефицита электроэнергии — одна из ключевых задач, обозначенных в Послании Главы государства. Для обсуждения этой работы депутат Мажилиса Парламента Абилкаир Тамабек и вице-министр энергетики Ерлан Акбаров встретились с коллективом «ТаразЭнергоОрталык». В ходе встречи обсудили обновление тепловых сетей, снижение износа оборудования и планы по вводу новых генерирующих мощностей в рамках национальной программы.

В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ОБСУДИЛИ ПОДГОТОВКУ К ЗИМОВКЕ СКОТА

Начнем выпуск с совещания в областном акимате. Под председательством главы региона Ербола Карашукеева прошло аппаратное совещание, где ключевым вопросом стала подготовка к предстоящей зимовке скота. Участники рассмотрели обеспечение хозяйств кормами, готовность инфраструктуры и меры по предупреждению чрезвычайных ситуаций. Как отмечают специалисты, заготовка кормов в целом выполнена, однако в ряде районов эту работу необходимо завершить в кратчайшие сроки. Подробности в нашем первом сюжете.

DIGITAL QAZAQSTAN DAY – 2026

Таразда цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Digital Qazaqstan Day – 2026» облыстық іс-шарасы өтті. Ауқымды басқосу өңірдің цифрлық әлеуетін арттырып, жаңа технологияларды өмірге енгізу мәселелерін талқылады.

ЖАМБЫЛДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Энергетика саласын жаңғырту, электр қуатының тапшылығын болдырмау және инфрақұрылымды дамыту. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында ҚР Құрылтайының депутаты Әбілқайыр Тамабек пен ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров «ТаразЭнергоОрталық» АҚ ұжымымен кездесті.

МАЛ ҚЫСТАТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – өңірдің 2026–2027 жылдардағы мал қыстату маусымына дайындығы. Жиында шаруашылықтардың мал азығымен қамтылуы, қыстақтардың дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды.