Тараз қаласындағы «Көне Тараз» мәдени кешенінде Silk Way Fashion Experience аймақтық фестивалі өтті. Ауқымды шара Қазақстан мен Қырғызстаннан келген сарапшыларды, дизайнерлерді, кәсіпкерлер мен қолөнершілерді бір алаңға жинады.
Тараз қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы өтті. Сенбілік жұмыстарына Түрксіб алабының тұрғындары мен тиісті мекеме қызметкерлері жұмыла жұмысқа кірісті. Көшелерді абаттандыру, арықтарды тазалау және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары қалай жүргізілді? Әріптесім толығырақ тарқатады.
Шу ауданында қос бірдей елді мекенде заманауи спорт нысандары пайдалануға берілді. Енді Шу қаласы мен Бірлік ауылының жастары кәсіби залдарда шынығып, шеберліктерін шыңдай алады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бой көтерген нысандардың ашылуына аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы барып қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығы тікелей жас ұрпақтың бойындағы құндылықтарға байланысты. Бүгінгі жастар білім мен ғылымды игеру арқылы елдің зияткерлік әлеуетін арттыруда. Патриотизм – бұл тек ұрандату емес, бұл ұлттық мүддені жеке мүддеден биік қою, ана тілін ардақтау және мемлекеттік рәміздерді қастерлеу.
Жастардың бойындағы отансүйгіштік сезімін дамыту арқылы ғана бәсекеге қабілетті қоғам қалыптасады. Әрбір жастың жетістігі – ел абыройының асқақтауы.
Жастар #Патриотизм #Қазақстан #Тараз #ЖамбылЖастары #Болашақ #Отан
На очередном заседании Общественного совета города Кызылорды был рассмотрен ряд актуальных вопросов жизнедеятельности областного центра. В ходе встречи участники детально обсудили темы озеленения, очистки каналов и арычных сетей, восстановления систем полива, а также текущее состояние водяных скважин.
Исполнение долга перед Родиной — священная обязанность каждого гражданина Казахстана. Сегодня тысячи молодых новобранцев с честью несут службу в рядах Вооруженных сил. Армия — это настоящая школа дисциплины, ответственности, мужества и стойкости.
Қазақстанда Отан алдындағы борышын өтеу – әр азаматтың қасиетті парызы. Бүгінде мыңдаған жас сарбаз Қарулы Күштер қатарында әскери қызметін абыроймен атқарып жүр. Әскер – тәртіп пен жауапкершіліктің, ерлік пен төзімділіктің мектебі.
Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында қала өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиын барысында қаланы көгалдандыру, каналдар мен арық жүйелерін тазалау, аяқ су жүйелерін қалпына келтіру және су ұңғымаларының жай-күйі кеңінен талқыланды.
Қызылордада өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Жиында жастар саясатын дамыту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және жас мамандарды қолдау мәселелері талқыланды.