18 Апр 2026, Сб

Апрель 2026

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ

Түркістан қаласында “Заң мен тәртіп” ұранымен бильярдтан ардагерлер арасындағы қала біріншілігі ұйымдастырылды. Дәстүрлі додаға 30-дан аса қатысушы жиналып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

ЗАМАНАУИ ЖҰПТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 Түркістан қаласында “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” заманауи жұптар байқауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өзара сыйластық пен үйлесімді насихаттау.Байқауға 7 жұп қатысып, түрлі бағытта бақ сынады.

ЭКСТРЕМИЗМ — ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТӨНГЕН ҚАУІП

Бүгін Достық үйінде «Экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» тақырыбында семинар-тренинг өтті.Іс-шара барысында мамандар дерадикализация, діни сауаттылық және зайырлылық қағидаттарын түсіндірудің маңызын талқылады.Толығырақ тілшіміз тарқатады.

«ЖАУ ЖҮРЕК МЫҢ БАЛА» ФИЛЬМІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ

Түркістан қалалық мәдениет үйінде мектеп оқушыларына арналған “Жау жүрек мың бала” көркем фильмінің кинокөрсетілімі өтті. Іс-шараның ашылуында қала әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, көрсетілімді ашты.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛДІ

Қала прокуратурасының ұйымдастыруымен «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

216 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК СИРЕНЬ ГҮЛІ

Сәуір айында қала көшелері мен саябақтар сирень гүлінің әсем көрінісіне бөленеді. Алайда қоғамдық орындардағы сиреньді жұлуға заңмен тыйым салынған. Талапты бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған. Бұл жайлы толығырақ алдағы сюжетке зер салыңыз.