Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Қазақстан Республикасының зайырлы ел ретіндегі мәртебесін күшейту» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Жиынға профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Кездесу барысында сарапшылар зайырлылық қағидаттарын түсіндіріп, жастардың діни сауатын арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін залалы мен олардың ықпалынан сақтану жолдары талқыланды.Толығырақ әріптесім тарқатып айтсын.
Бүгін Қызылордада Достық үйінде «Cлавяне» этносының дәстүрлі мерекелерінің бірі — Масленица мейрамы басталды. Елдің татулығы мен бірлігінің белгісі болған мерекеде барлық этнос өкілдері бас қосты.
Арал ауданына 2024 жылы 25 санитарлық автокөлік берілген. Сондай-ақ, шалғайдағы Жіңішкеқұм, Құланды, Жаңақұрылыс, Ақбасты, Қарашалаң елді мекендеріндегі медициналық бекеттер қажетті көлікпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі хабарлады.
Шымкентте Парламент Сенатының «Senat Open-2025» ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті. Зияткерлік спортты насихаттауға бағытталған бұл турнирге 100-ден аса спортшы өтінім берген. Олардың қатарында шахмат ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Шымкент қаласының Қаратау ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығын сақтау мақсатында өткен шараға 2000-ға жуық адам мен 28 арнайы техника жұмылдырылды.
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Сапар барысында олар өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Мұндағы мақсат– адамдар көп жиналатын нысандарда өрт сөндіру әрекеттерін пысықтап, өртке қарсы қызметтің өзара әрекетін үйлестіру.
“Қарызсыз Қоғам” жобасы аясында өткен жылы 11 мыңнан аса қызылордалық азаматтың қаржылық сауаттылығын арттыруға себеп болды. Биыл да жобаға деген сұраныс ерекше. 3 қаржы сарапшысы аудандар мен қала орталығында өз жұмыстарын бастады. Әр топта 50-70 адам бар. Биыл қарызға батып, қиын жағдайда қалған азаматтардың жұмысқа орналасуына да мүмкіндік жасалмақ.
Сырдария өзенінде сең жүрді. Еріген мұздықтар Қызылорда қаласы тұсынан кедергісіз өтті. Өзен деңгейімен секундына 390 текше метр су өтуде. Дегенмен, алда әлі 730 шақырым бар.
Сотрудники Шуского районного гарнизона по чрезвычайным ситуациям совместно с пожарными, сотрудниками местной полиции, газового хозяйства и «Шуских районных электрических сетей» провели разъяснительную работу среди населения о пожарной безопасности. В рамках мероприятия участникам была предоставлена подробная информация о правилах пожарной безопасности, об опасности угарного газа для жизни и здоровья человека и о том, как от него защититься.