Жамбыл облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың 4 айында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Алайда жол-көлік оқиғалар саны көбеймесе, азаяр емес. Яғни орын алған апаттар көрсеткіші 19,8% құрады. Ал дене жарақатын алғандар 20,5% көрсетті. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында жауапты мамандар мәлім етті.