Су мәселесі өңірімізде өткір тұр. Айтып отырғанымыз ауылға жетпеген ауыз су емес, барлық мезгілде қаупін төндіретін көл-тоғандар, ағын су,айтып келмейтін апат. Биылғы жылдың өзінде тілсіз жаудан 5 адам тіл тартпай кеткен. Мұның өзі өткен жылмен салыстырғанда 2 адамға кем. Дегенмен, ауа райы суытып, елді мекендер қыс құрсауына іліккенде статистиканың артып кету қаупі жоғары.
Ағымдағы жылғы 7 мамырда Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты. Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен жергілікті 8 тұрғынға қатысты 3 жылдан бастап 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. КТМ: Естеріңізге сала кетсек, 7 мамыр түнгі сағат 01.30 шамасында Шу қаласындағы вокзал маңындағы алаңда полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды көрсетуді талап еткенде жүргізуші мен көлікте болған белгісіз адам полиция қызметкерлерінің талаптарын орындаудан бас тартқан. Олар полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, шабуыл жасай бастаған. Сонымен қатар, жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіріп, қаруларын тартып алмақшы болған. Аталған дерек бойынша ҚР-ы қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған болатын.
Биыл Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасымен мұқтаж жандарға 100-ден аса үй беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша пайдаланусыз жатқан жайылымды жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының барысы қаралды. Мағжан Орынбасар толықтырады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 5 желтоқсан аралығында облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 7704 жағдайы тіркелді.Қараша айында қазан айымен салыстырғанда облыста сырқаттанушылық 2 еседен астам өсті. Мәселен, 23-29 қараша аралығында 16 жағдай тіркелсе, 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында 26 жағдай анықталды.Бұл жайлы баспасөз алаңында жауапты маман мәлім етті.Толығырақ сюжетке зер салыныз.
В Казахстане 6 декабря считается профессиональным праздником работников прокуратуры. Так сегодня в Таразе состоялось чествование представителей органов прокуратуры. На торжественном мероприятии аким области Нуржан Нуржигитов также поздравил сотрудников данного ведомства.
Из года в год в нашем регионе увеличивается количество пожаров. Причиной тому является халатное отношение жителей к безопасности. Так, в этом году зарегистрировано 678 пожаров. Это на 73 случаев больше, чем в прошлом году.. Соответственно не снижается и смертность.
Сотрудниками Управления по противодействию наркопреступности ДП Жамбылской области при проведении оперативно-розыскных мероприятий в предпесковой зоне Байзакского района задержан 46-летний местный житель.
Жылдан жылға өңірімізде өрт оқиғасы көбейіп келеді. Бұған себеп тұрғындардың қауіпсіздікке салғырт қарауы. Мәселен, биылғы жылы 678 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 73 төтенше жағдайға артық. Оның ішінде қора-қопсы, маялар мен тұрғын үйлерден шығатын тілсіз жаудың бәсі басым болып тұр. Тиісінше адам өлімі де азаяр емес.
Бүгін Жамбыл облысы прокуратурасында прокуратура қызметкерлерінің төл мерекесіне орай салтанатты жиын болды. Онда облыс әкімі Нұржан Нұржігітов прокуратура қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.