Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның бір бөлшегі. Облысымызда мұндай жандарға әрдайым қолдау көрсету, қоғамдағы белсенділігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар атқарылуда. Осыған орай, бүгін «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы»-ның ұйымдастыруымен «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Өрт — тілсіз жау» тақырыбында практикалық сабақ өтті.Аталған жиынға №2 «Болашақ» мектеп-интернатының ұстаздары мен оқушылар қатысты.
Сіздің телеарнаңыз!