26 Авг 2025, Вт

ӨҢІР БАСШЫСЫ POWER INTERNATIONAL HOLDING ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қатар мемлекетінің ірі инвестициялық құрылымдарының бірі – Power International Holding компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Басқосу аясында тараптар энергетика, құрылыс, туризм, ойын-сауық индустриясы, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзара ынтымақтастық пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.