22 Авг 2025, Пт

ӨҢІР БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесіп, өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндады. “U-UMAX Group” компаниясының өкілдері аймақпен іскерлік байланыстарды кеңейтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқаны айтыла отырып, тараптар болашақта өзара тиімді серіктестікке дайын.