Түркістан облысында әлеуметтік кәсіпкерлік саласында табысты еңбек етіп жүрген жастар қатары артып келеді. Солардың бірі — Еркебұлан Ерғара, бағдарламашы мамандығын игеріп, өз ісін табысты дамытып отырған азамат. Ол ашқан «MEGABYTE» компьютерлік қызмет көрсету орталығы бүгінде халыққа сапалы қызмет ұсынып келеді.