9 Сен 2025, Вт

ӨҢІРДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Жылдың бірінші жартыжылдығында заңсыз қоқыс орындарын жою, табиғат пайдаланушыларға бақылау жасау және экологиялық мәдениетті арттыру бойынша ауқымды шаралар атқарылды.