Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және рецидивтік қылмысты азайту мақсатында өңірде «қайта құқық бұзушылықтардың превенциясы» жобасы іске асырылуда. Бастама сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің тиімді жүйесін құруға бағытталған. Жобаның мақсаттарының бірі оларды жұмысқа орналастыру болып отыр. Осы тұста Жамбыл облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, облыс әкімгі, облыстық прокуратура, «Еңбек-Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №25 мекеменің аумағында орналасқан «Еңбек-Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының бос тұрған жер телімінде былғары аяқ – киім тігуге арналған 512 шаршы метр құрайтын ғимараттың ашылу салтанаты өтті.