23 Авг 2025, Сб

ӨНЕР ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ДОМБЫРА

Бәйдібек ауданында бастама алған Safi_art_madeniet шығармашылық орталығы ашылғанына енді ғана 2 жыл болса да балалар мен жастардың сүйікті мекеніне айналып үлгерді. Орталықтың аяқ алысы жаман емес. Бүгінде бірнеше бағыттағы үйірме жұмысын жолға қойылған. Оның ішінде ұлттық өнерді ұлықтайтын домбыра үйірмесінің орны айрықша.