Мүгедектігі бар жандардың қоғаммен етене араласуына жағдай жасау – уақыт талабы. Шардара ауданындағы «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы осы бағытта кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Мұнда келушілерге тек шығармашылықпен айналысу мүмкіндігі ғана емес, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан да жан-жақты қолдау көрсетіледі.