Түркістан облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджетке түскен кірістер көлемі айтарлықтай артқан. Облыс бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түскен қаражат есебінен жоспар 116,7 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен апталық мәжілісте айтылды.