8 Июн 2025, Вс

ӘСКЕР АРМАНДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Жіптердің, инелердің және тігін машиналарының көмегімен жауынгерлік дайындықты нығайтуға да үлес қосуға болады. Мұны «Оңтүстік»аймақтық қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету полкінің әскери тігіншілері дәлелдеді. Тігін шеберханасында жасалған қақпақтар әскери техниканы сенімді қорғайды. Осылайша, шағын тігін бөлімі армия жүйесінде лайықты буынға айналды.