8 Июн 2025, Вс

«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ

 

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні Меркі ауданында ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. Бұл күні аудандық мәдениет үйінде білім бөлімі ұйымдастырған «Әлемнің жарығын сыйладың» атты мерекелік шара аудан тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз естен кетпес оқиғаға айналды.  Шараның басты ерекшелігі – алдымен қолөнер мен зергерлік әшекей бұйымдарының көрмесі қойылып, келген қонақтар көркем әрі ерекше туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды.