ӘДЕБИ-МӘДЕНИ «TEKTURMAS» ЖУРНАЛЫНЫҢ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Оқу уақыты 1 мин.

Ұлы ақынның атымен аталатын өңірде соңғы жылдары шығармашыл ортаға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Бұл игі іс биыл да «Әулиеата – оқырман өңір» жобасы аясында өз жалғасын табуда. Соның айқын дәлелі – облыс әкімінің бастамасымен және «Aulieata-media» медиахолдингінің қолдауымен жарық көрген республикалық жаңа «Tekturmas» журналының тұсаукесері болды.