Жамбыл облысында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Тараз гарнизонының әскери қызметшілері ардагерлер үшін ерекше, «үй» жанындағы парад ұйымдастырды. Бірнеше жыл бұрын, ардагерлерге орталық алаңдарға жету қиын болған кезде, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы олардың үйлерінің жанында шағын парадтар өткізуді бастаған. Бүгінде Бұл дәстүр тұрақты түрде сақталып келеді.